Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Қазпатент С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-мен бірлескен оқыту онлайн-семинарын өткізді

Бүгін 2021 жылдың 1 наурызында Қазпатент С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ бірлесіп, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамына оқыту онлайн-семинарын өткізді. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының, Ә.Н. Бөкейхан атындағы қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының өкілдері қатарынан 70-тен астам қатысушы тыңдаушылар ретінде қатысты.
 
Қазпатент сарапшылары, қатысушыларды Қазпатенттің жалпы қызметі, зияткерлік меншік заңнамасындағы жаңа өзгерістер туралы жаңалықтармен таныстырып, авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді сараптау рәсімдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, селекциялық жетістіктерді патенттеудің ерекшеліктерін атап өтті. АШМ атынан Сейтпенбетова Гүлферуз, ««Ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесінің патентке қабілеттілігін сараптау бөлімі» РММ Патент қабілеттілігіне сараптама бөлімінің атынан сорттардың патент қабілеттілігіне сараптама және сынау туралы айтып өтті.
 
Селекциялық жетістіктер және авторлық құқықты тіркеу бойынша дәрістер тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Онлайн-семинар жемісті және жағымды көңіл-күйде өтті. Тыңдаушылардың пікірлері бойынша семинар мазмұнды және қызықты болды.
 
Презентациялар
 
 
 
Наурыз 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31