Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 707 144 3348
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Казпатент Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосымен (EUIPO) екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

 

        

 

Бүгін 2021 жылғы 6 сәуірде бейнеконференция байланысы форматында Ұлттық зияткерлік меншік институты (КАЗПАТЕНТ) мен Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO) арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 Қол қою рәсімін құттықтау сөзімен EUIPO атқарушы директоры Кристиан Аршамбо мырза ашты. КАЗПАТЕНТ директоры Ербол Оспанов өз кезегінде Меморандумның екі ведомствоның арасындағы әріптестіктің артуына оң ықпал ететініне және зияткерлік меншік саласының дамуына үлесі мол болатынынын айта кетті. Тараптардың назарына ведомстволардың қызметіне шолулар ұсынылды.

Меморандум өзінің зияткерлік меншік жүйелері мен қызметтерін жетілдіру мақсатында ЗМ басқару саласында неғұрлым тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға бағытталған. Ведомстволар тауар таңбалары мен  өнеркәсіптік үлгілермен байланысты екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

 

 
Сәуір 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30