Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 707 144 3348
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Казпатент директоры ЕАЭО елдері жас өнертапқыштарының халықаралық ассамблеясына қатысты

2021 жылдың 20 мамырында Казпатент директоры Ербол Оспанов Ресейдің Великий Новгород қаласында өткен ЕАЭО елдері жас өнертапқыштарының халықаралық ассамблеясына қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері ДЗМҰ, ЕАПҰ, РМЗМА, ЗМФИ, сондай-ақ Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының қауымдастығы (ТИҚО) болып табылады.

Ассамблея алғаш рет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь Республикасы мен Арменияның жас өнертапқыштарын бірыңғай конференция алаңына жинады.

Еуразиялық патенттік универсиядасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының  делегаты Санат Сеитов Еуразия өңірінің жас өнертапқыштарының инновациялық жобаларының халықаралық көрмесі аясында өзінің «Өсімдік ауруларын анықтауға және онымен күресуге арналған ауыл шаруашылығы роботы» жобасын ұсынды және жоғары бағалар мен оң пікірлер алды.

Универсияданың финалистерін Еуразия патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті С.Тлевлесова құттықтап, лайықты марапаттар тапсырды.

                                                                                          

Ербол Оспанов өз баяндамасында Қазақстандағы жас ұрпақ арасында өнертапқыштықты қолдау туралы айтып, оқушылар мен студенттердің креативті ойлауын дамытуға бағытталған өткізілетін іс-шараларды атап өтті.

Айта кетерлік, 2019 жылы Санат Сеитов «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиада «Қалмақия Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында сидеральды дақылдарды егуге маманданған робот» жобасымен жеңіске жетті. 2020 жылы ММУ экономика факультетінің агроэкономика кафедрасының аспиранты ретінде Санат Bayer конкурсында жеңіске жетті (Ресейдің агрономиялық жоғары оқу орындарының талантты жастарын қолдауға бағытталған конкурс).

Ассамблея барысында Универсиядада жүлделі орындарға ие болған қазақстандық Диана Ержанова мен Есенгелді Мусатай да марапатталды.

Толық ақпарат Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) сайтында жарияланды: https://www.eapo.org/ru/index.php?newspress=view&d=1153
 
Мамыр 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31