Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» аймақтық семинарына қатысу

2020 жылдың 25-26 ақпаны аралығында Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының қолдауымен «Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» атты аймақтық семинары өтті.

Семинардың мақсаты – зияткерлік меншік саласында білім беру және оқыту, заманауи мәселелер, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы, Беларусь Республикасында  зияткерлік меншікті  бағалау мен есепке алудың тәжірибесі мен мәселелері, сондай-ақ жаhандық цифрландыру контекстінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және деректер қауіпсіздігі мәселелерін талқылау болды. 

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты атынан Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Дархан Ныгметов қатысып, «Әділ мүдделер теңгерімі: қоғамдық және құқық иеленушілер проблемалары», «Қазіргі экономикалық және техникалық ортадағы зияткерлік меншік» екі дөңгелек үстел жұмысына қатысты.