Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Қазақстандық жас өнертапқыштар «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасында жүлделі орындарға ие болды

Еуразиялық патенттік ведомство Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиаданы қорытындылады.

Универсиадаға Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттерден 18-25 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

Универсиада бірнеше тақырып бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелері баяндалған шығармашылық жұмыстар байқауы түрінде өткізілді.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша қазақстандық жастардың өкілдері үш тақырып бойынша жүлделі орындарға ие болды:

 

Сеитов Санат Қайырғалиұлы «Біз - Н. Тесланың ұрпағымыз. Табиғаттың барлық заңдарын біздің қолымызда» тақырыбы бойынша жұмыстарды ұсынған қатысушылар арасында «Өсімдік ауруларын анықтауға және онымен күресуге арналған ауыл шаруашылығы роботы» жобасымен 1 орынды  иеленді.

Айта кететін жайт, 2019 жылы Сеитов Санат «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиадасында «Қалмақия Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында сидеральды дақылдарды егуге маманданған робот» жобасымен жеңіске жетті. 2020 жылы ММУ экономика факультеті агроэкономика кафедрасының аспиранты ретінде Санат «Bayer» байқауында жеңіске жетті (Ресейдің агрономиялық жоғары оқу орындарының талантты жастарын қолдауға бағытталған байқау).

 

Ержан Диана Ержанқызы «Біз- Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Нахимичим? Иә! Өмір сүру ұзақтығын арттырамыз!» тақырыбындағы жұмыстар арасында «Шұбаркөл көмірінен электр сульфидтеу әдісімен сирек кездесетін және шашыранды металдарды алу» жобасымен 3 орынды иеленді.

 

Мұсатай Есенгелді Амангелдіұлы  «Вирустан қорғау - жау кетпейді! Дәрігерлер мен пациенттерді жұқтырудан жеке қорғау жүйесін» тақырыбы бойынша жұмыстар арасында «Вирустан қорғау - жау кетпейді! Дәрігерлер мен пациенттерді инфекциядан жеке қорғау жүйелері (жусан сығындысы қосылған дезинфекциялық құрал)» жобасымен 3 орынды иеленді.

 

«Болашаққа көзқарас» Универсиадасының қорытындысы келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.eapo.org/ru/info/univers2021_results.php

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Отандастарымызға жаңа шығармашылық идеялар мен жеңістер тілейміз!

 

 
Сәуір 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25