Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Қазақстанда алғаш рет. ДЗМҰ жазғы мектебі шақырады!

2022 жылғы 18-29 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебі (Жазғы мектеп) өтеді.

Жазғы мектеп бағдарламасы дәрістерден, тақырыптық зерттеулерден, модельдеу жаттығуларынан және зияткерлік меншік (АЖ) саласындағы жекелеген тақырыптар бойынша топтық жұмыстан тұрады.

 

Іс-шараға қатысу үшін тиісті тіркеуден өту қажет:

Тіркеу мерзімі: 20-сәуір-2022 - 31-мамыр-2022

Курсты төлеу мерзімі: 15-маусым-2022 - 08-шілде-2022

Курсты өткізу мерзімі: 18-шілде-2022 - 29-шілде-2022

Жазғы мектеп гибридті форматта өткізілетін болады.

Бұл жоба университет студенттері мен жас мамандарға салада неғұрлым терең білім алуға, атап айтқанда, ЗМ-тің орнықты дамуды қамтамасыз ету құралы ретіндегі функциясын және ДЗМҰ-ның ЗМ құқықтарын әкімшілік басқарудағы және осы саладағы жаһандық қызметтерді ұсынудағы рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Алдағы іс-шара туралы толық ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады: https://welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=wssCatalog.xhtml&lang=ru&cc=WSSKZ2022#plus_WSSKZ2022

 
Сәуір 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24