Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» - 2020 атағын беру бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды

2020 жылдың 27 мамырында «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурстық комиссияның отырысы өтті. Екі үміткер құрметті атаққа ие болды. Кандидаттардың қызметі комиссияның қарауына түскен конкурстық материалдарды қарау нәтижесі бойынша бағаланды. Конкурсқа қатысу үшін өтінішхаттарды мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, ғылыми және өзге де ұйымдар ұсынады. Өтінімхатта үміткердің өнертабысы, олардың іс жүзінде пайдалануы және сала үшін маңызы, алынған патенттері мен авторлық куәліктердің саны, сондай-ақ өнертапқыштық саласындағы кандидаттың марапаттары, көтермелеулері және өзге де жетістіктері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2020 жылдың 29 мамырындағы №113-нқ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы - 2020» атағы, ең көп балл санын жинаған екі үміткерге берілді:

Дудкин Михаил Васильевич –  техника ғылымдарының докторы, Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Инженерия мектебінің профессоры;

Маемеров Мелес Макешович – техника ғылымдарының докторыАлматы технологиялық университетінің Тағамдық және қайта өңдеу технологиясы проблемалық ғылыми-зерттеу зерханасының меңгерушісі.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында жыл сайын II тоқсанда сараптамалық ұйыммен өткізілетін конкурс нәтижелері бойынша беріледі.

Атап өтетіні, 2020 жылы конкурстық комиссияның қарауына алты конкурстық материал келіп түсті.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурсының жеңімпаздарын дипломдармен және естелік ленталармен салтанатты марапаттау рәсімі елімізде карантиндік мерзім алынғаннан кейін өткізіледі.

 

Құттықтаймыз!

 
Тамыз 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31