Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің алқасы 2014 жылғы 20 ақпан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті 2014 жылғы 20 ақпанда Астана және Алматы қ.қ., облыстық әділет департаменттерімен және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қатысуымен әділет органдарының 2013 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша және 2014 жылға арналған басым міндеттер бойынша алқа отырысын өткізді. Алқа отырысы комитет төрағасы А. Естаевтың басшылығымен өтті.

Комититет төрағасы Әділет департаменттерінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жемісті жұмысын атап өтті. Әділет органдардың атқарылатын жұмысының нәтижесі бойынша 2013 жылда Дүниежүзілік экономикалық форумының Бәсекелестікке қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан өз орнын 19 бірлікке көтеріп, 73 орынға тұрақтады.

Сот тәжірибесіне, зияткерлік меншік саласындағы аумақтық әділет органдары қызметкерлердің кәсіби деңгейіне, тексерулер жүргізу рәсімдеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Комитет, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы бойынша 30 елдің қатарына кіруі жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, Әділет департаменттеріне кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлері атаулары бойынша құқық түсініктеме жұмысын өткізу тапсырма берілді. Ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға авторлық және сабақтас құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кәсіпкерлердің арасында кездесулер өткізу ұсыныс берілді.

 
Ақпан 2014
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23