Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
kazpatent@kazpatent.kz

Қазақстан Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің отыз алтыншы (жиырма жетінші кезекті) отырысына қатысты

 

 

МӘСКЕУ - НҰР-СҰЛТАН - 2020 ж. 10-11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми делегациясының қатысуымен Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің (ЕАПҰ ӘК) кезекті отырысы өтті.

 

ЕАПҰ ӘК отырысы мүше мемлекеттердің өкілдері мен олардың орынбасарларының, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (KAZPATENT) директоры және ЕАПО АК төрағасының орынбасары Ермек Қуантыровтың қатысуымен өтті. Сондай-ақ, отырысқа ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің (ЗМҚД) директоры Мейіржан Төлепов, ҚР ӘМ ЗМҚД директорының орынбасары Әсемгүл Әбенова және KAZPATENT директорының орынбасары Мақпал Шугаипова қатысты.

 

Кездесу барысында қазақстандық тарап ЕАПҰ қызметінің бірқатар негізгі мәселелері және Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы серіктес елдермен өзара іс-қимылы бойынша өз ұстанымдарын білдірді: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында сот корпусын, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау саласындағы кадрларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Еліміз үшін бұл мәселе өзекті болып табылады, мәселен, ЕАПҰ қатысушылары ішінде Қазақстан еуразиялық патенттерге өтінім берушілер бойынша алғашқы үштікке кіреді», - деп Е. Қуантыров атап өтті.

 

Сондай-ақ, өткен жылдың жұмыс нәтижелерін талқылай отырып, іс-шараға қатысушылар өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы Хаттамаға қол қойылған Дипломатиялық конференцияны (2019 ж. 9 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан қ.) сәтті өткізгені үшін Қазақстан Республикасына алғыс білдірді. Өнеркәсіптік үлгілерге бірыңғай еуразиялық патент алуға негіз болатын аталған Хаттаманың күшіне енуі 2021 жылдың басына жоспарланған.

 

Онлайн-отырыста ЕАПҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар да талқыланды. Атап айтқанда, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) және шетелдік патенттік ведомстволармен бірлесіп жүргізілген тыңғылықты жұмыстардың арқасында 2021 жылы ЕАПҰ Еуразиялық патенттік ведомствосы Халықаралық іздеу органы және халықаралық алдын-ала сараптама органы мәртебесін алады деп мәлімденді.

 

Одан басқа, отырыс шеңберінде ЕАПҰ ӘК шешімімен «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников медалімен өнертапқыш, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және Ресей Ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

 

*Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Еуразиялық патенттік конвенцияға қосылған сегіз қатысушы елдің (Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан) бірі болып табылады. Еуразиялық патенттік ұйым өзінің 25 жылдығын атап өтуде.

 

ЕАПҰ мен оның патенттік ведомствосының басты міндеті - Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің аумағында әрекет ететін бірыңғай еуразиялық патент негізінде өнертабыстарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету.

 
Қыркүйек 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30