Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

ЕАПВ ЕПК Мүше-мемлекеттердің патенттік ведомстволары, технопарктер мен инновациялық орталықтар үшін тренинг өткізді

2021 жылдың 16 және 18 наурызы аралығында Еуразиялық патенттік ведомствосы (ЕАПВ) онлайн режимде, ЕАПВ-ның және басқа өнеркәсіптік меншік ведомстволарының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы өнертабыстардың сараптамасын жасау тәсілдерін қарастыруға арналған тренинг өткізді.

Тренингке ЕПК Мүше-мемлекеттері патенттік ведомстволарының жұмыскерлері, технопарктер және инновациялық орталықтар қатысты. Қазақстан Республикасынан «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті жұмыскерлері, «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласындағы филиалы жұмыскерлері, Назарбаев Университеті бизнес-акселараторы өкілдері және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің коммерциялизациялау кеңсесі және профессорлық-мұғалімдік ұжымы қатысты.

Тренинг барысында компьютерлік программалардың патенттік құқық негізіндегі мәселелері, патенттік жіктеу, компьютерді қолдану арқылы жүзеге асатын өнертабыстарды халықаралық патенттік жіктеудің ерекшеліктері, жасанды сана саласындағы өнертабыстар, аппараттық-программалық шешімдер мәселелеріне жалпы шолу және блокчейн талқыланды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ұсынылған материалмен толық көлемде таныса алуы үшін тренингтің тақырыптарына тәжірибелік тапсырмалар дайындаған екен.

2021 жылы ЕАПВ өнертабыстарды және өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу саласындағы өзекті тақырыптарда бір қатар қашықтық нысанындағы семинарлар және тренингтер өткізуді жоспарлағанын атап өту қажет

КАЗПАТЕНТ қатысушылар атынан тренингті ұйымдастырудың және өткізудің жоғары деңгейі үшін ЕАПВ-ға алғысын білдіреді.

 

 
Наурыз 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31