Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

ЕАПҰ әкімшілік кеңесі Еуразиялық өнеркәсіптік үлгіні іске қосу туралы шешім қабылдады

Бүгін 2021 жылдың 14 ақпанында Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің (ЕАПҰ ӘК) отыз жетінші (оныншы кезектен тыс) отырысы орын алды.

Отырысты ЕАПҰ ӘК Төрағасы, ЕАПҰ ӘК-дегі Тәжікстан Республикасының өкілетті уәкілі, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі «Ұлттық патенттік-ақпараттық орталық» мемлекеттік мекемесінің директоры М.Х. Исмоилзода ашты.

Отырысқа Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түркменстанның ЕАПҰ ӘК-не өкілетті уәкілдері, Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының ЕАПҰ ӘК-не өкілетті уәкілдердің орынбасарлары, және де Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегация мүшелері қатысты.

Әкімшілік кеңестің мүшелері ЕАПК-ға Патенттік нұсқаулықтың II-бөлігін «Өнеркәсіптік үлгілер» және ЕАПҰ-ның еуразиялық өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер және еуразиялық өнеркәсіптік үлгілерге байланысты жүргізілетін құқықтық маңызы бар және өзге әрекеттер үшін төлемдер туралы ережелерін бекітті.

Протокол шеңберінде өтелетін Төлемдерді бөлу мәселелері, сондай-ақ еуразиялық өнеркәсіптік үлгілеріне өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі мәселелері қарастырылды. ЕАПВ ақпараты бойынша, өтінімдерді қабылдаудың 2021 жылдың 1 маусымынан басталуы жоспарланып отыр.

Толықтай алғанда, Протокол өтінім берушіге ЕАПВ-ға берілген біртұтас өтінім арқылы өнеркәсіптік үлгінің құқықтық қорғалуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Дипломатиялық конференцияда қабылданған Еуразиялық патенттік конвенциясына (ЕАПК) Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы протокол, 2021 жылдың 17 наурызында Қырғызстан, Азербайжан және Армения үшін күшіне енді, 2021 жылдың 11 сәуірінде Ресей үшін және 2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан үшін күшіне енді. Документ Тәжікстанда ратификацияланған, Протоколға қосылу туралы мәселе Беларусияда және Түркменстанда қарастырылуда.

 

 
Сәуір 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25