ДЗМҰ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТТІ

2022 жылғы 18-29 шілде аралығында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) жазғы мектебі өтті.

ДЗМҰ-ның зияткерлік меншік (ЗМ) бойынша жазғы мектептерінің бағдарламасы ғылымның бір саласында маманданатын жоғары курс студенттері мен магистрлерге, сондай-ақ ЗМ мәселелері өзекті болуы мүмкін кез келген бейіндегі жас мамандарға арналған.

Мектеп Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды және онлайн форматта өтті.

Тыңдаушылар саны 60-тан астам адамды құрады, олардың қатарына Қазақстан Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Болгария өкілдері кірді.

Мектептің ашылуында ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Ермек Алтынбеков және Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері секциясының, өтпелі экономика және дамыған елдер бөлімі, ДЗМҰ жетекшісі Илья Грибков құттықтау сөз сөйледі.

Оқыту зияткерлік меншік саласындағы жоғары білікті мамандарды тарту арқылы жүргізілді. Жазғы мектептің дәріскерлері ретінде ДЗМҰ өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, бизнес өкілдері және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысты.

ДЗМҰ-2022 жазғы мектебі орыс тілінде өткізілді және ЗМ бағалау, брендинг, активтерді басқару, Шығармашылық сектор, технологияны беру және лицензиялау сияқты ЗМ-ке қатысты әртүрлі мәселелер бойынша дәріс бөлімін қамтыды.

Оқыту соңында қатысушылар ЗМ саласында алған білімдері бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, қорытынды жұмыстарды ұсынды.

Жазғы мектептің жабылуында "ҰЗМИ" РМК даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева сөз сөйлеп, Жазғы мектептің ұйымдастырушылары мен лекторларына іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі және зияткерлік меншік саласындағы кәсіби тәжірибені бергені үшін зор ризашылығын білдірді.

Жазғы мектеп бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 
Шілде 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31