Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

«Антиконтрафакт – 2021» IX халықаралық форумына арналған баспасөз конференциясы өтті

2021 жылғы 27 тамызда онлайн-форматта «Антиконтрафакт. Жаһандық сын-қатерлер және зияткерлік меншікті жаңа шындықта қорғау» Халықаралық форумына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева, «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығының вице-президенті Байсолт Хамзатов және Казпатент директоры Ербол Оспанов қатысты.

Баспасөз конференциясын бастаған Ғалия Жолдыбаева екі күндік форум жұмысында қолданылатын басым бағыттар туралы айтып берді.

Байсолт Хамзатов контрафактілік өніммен күресте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің билік, бизнес және жұртшылық өкілдері арасында сындарлы диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Ербол Оспанов Әділет министрлігінің контрафактілік өнімдермен күрес саласында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып, контрафактілік күрес құқық иеленушілер мен пайдаланушылардың бірлескен күш-жігерімен ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Форум гибридті форматта өтті – күндізгі конференция және бейне-конференц-байланыс. Түрлі ұйымдардың спикерлері мен өкілдері қатысушылармен пайдалы ақпаратпен толық көлемде бөлісіп, контрафактіге қарсы күреске қатысты қойылған мәселелерді талқылай алды.

Айта кетейік, форум аясында 26 және 27 тамызда гибридті форматта 10 сессия және «Антиконтрафакт» Жастар форумы өткізілді.

Қорытынды кездесу барысында конференцияға қатысушыларының да, осы іс-шараны ұйымдастырылуының да жоғары деңгейі атап өтілді.

28 тамызда онлайн форматта сарапшылар марафоны өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Тамыз 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31