Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

АНОНС. 2016 жылдың 8 және 9 желтоқсанында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының ұйымдастыруымен Астана қ. субрегионалдық семинарлар өтеді

2016 жылдың 8 және 9 желтоқсанында Астана қ. Географиялық көрсеткіштер мен басқа да шығу негізіндегі айыру белгілерін қорғау құралдары мәселелері бойынша субрегионалдық семинар және Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеудің Гаага жүйесі бойынша субрегионалдық семинар өтеді. Семинар ұйымдастырушылар ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі – ДЗМҰ) қолдауымен.
Семинар мақсаты географиялық көрсеткіштерді қорғау жөніндегі тәжірибелік сұрақтар және басқа зияткерлік меншік объектілерінен айрмашылығы, олардың құқықтық және экономикалық негіздерін қорғау, өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық тіркеудегі артықшылығы және процедурасы, сондай-ақ ДЗМҰ өкілдерінің алдыңғы тәжірибесімен алмасу, зияткерлік меншік шетелдік ведомстволары, шетелдік компаниялар және осы саладағы басқа да мүдделі тұлғалармен талқылау болып табылады.
Шетелдік спикерлер және қатысушылар ретінде ДЗМҰ, АҚШ, Италия, Франция және ТМД қатар мемлекеттері өкілдері сөз сөйлейді.
Семинардың жұмыс тілдері ағылшын және синхрондық аудармасы қамтамасыз етілген орыс тілі болады. Семинарға қатысу тегін болады.
Семинарлардың өткізу мерзімі 2016 жылдың 8 және 9 желтоқсанында «Думан» Мейманханалық кешені ғимаратында Астана қ. Қорғалжын тас жолы 2А мекен-жайы бойынша жоспарланған.
Семинарға қатысуға барлық ниет білдірушілерді шақырамыз.
А.ж. 25 қарашаға дейін қатысушылар тізімін келесі эл. мекенжайға: interlaw@kazpatent.kz жолдауды сұраймыз. Байланысушы тұлға: Нуралина Дильда, тел: 8 (7172) 74-93-77.
 
Қараша 2016
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30