2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде көшпелі семинар өткізілді

2018 жылы 13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

Семинар аталған Университет өтініші бойынша профессор-оқытушылар құрамына арналып ұйымдастырылды. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Шарт түрлері. Лицензиялық шарттар және лицензия түрлері» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинар жұмысына 23 адам қатысты. Тыңдаушылар аталған шараға белсенді түрде қатысты. Шарт негізінде құқықтарды беру, атап айтқанда, құқықтарды басқаға беру мен уәкілетті органда оларды тіркеу сияқты көптеген сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, құқықтарды толық немесе жартылай беру шартын тіркеуге өтінім берушілер берген материалдарға сараптама жүргізу рәсімі де сөз болды.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша жасаған құқықтүсіндіру жұмыстары үшін алғыс айтты.

 

 
Ақпан 2018
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25