Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

2016 жылдың 22 қарашасында "ҰЗМИ" РМК филиалы көшпелі семинар өткізді

2016 жылдың 22 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері және ҚР территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер)» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар жұмысына университет магистранттары мен студенттері қатысты.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері және ҚР территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер)» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және авторлық құқық объектілерін тіркеуге қатысты бірнеше сұрақтар қойып, «ҰЗМИ»  РМК Алматы қ. филиалының маманынан толық жауап алды.

 

 
Қараша 2016
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30