Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

2013 жылғы 23 мамырда Астанада VІ Астана экономикалық форумышеңберінде «ШАПАҒАТ-2013» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.

2013 жылғы 23 мамырда Астанада VІ Астана экономикалық форумышеңберінде «ШАПАҒАТ-2013» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.

Аталған іс-шараның қатысушылары 2012 жылы берілген және жарияланған, өнертабыстарға қолданыстағы инновациялық патенттер және патенттері бар, ұлттық патентиеленушілері болып табылды.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында зияткерлік меншіктің ролін арттыру, өнертапқыштық қызметті жандандыру, өнертапқыштық және инновацияны дамытуға көмек беру мен ынталандыру, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестиция тарту және өндірістік секторға перспективалы даярланымдарды енгізу болып табылады.

Бұдан басқа, өнертапқыштарды көтермелеу және Қазақстан Республикасында өнертапқыштық қызметті белсендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнертапқышы» конкурсы өткізілді. Осыған орай құрметті атақты иемдену туралы дипломдар мен ескерткіш ленталар берілетін болады.

Марапаттау салтанатының шеңберінде өндіріске енгізілген, қызықты және перспективалы өнертабыстардың көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Бекет Әліғожиннің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіледі.

Марапаттау рәсімі Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен салтанатты түрде өткізіледі.

Өткізу орны: Астана қ., Тәуелсіздік көш., 50, Өнер академиясының «Шабыт» шығармашылық үйінің салтанат залы

Брифинг: сағ. 15.45

Басталуы: сағ. 16.00

БАҚ үшін тіркелу: сағ. 15.30

Аталған іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері 2013 жылғы 23 мамыр күні сағ. 14.00-ге дейін келесі байланыс желілері арқылы аккредиттелуі қажет:

тел: 8 (7172) 74-06-21;

ұ.т.: 8 701 224 35 85;

эл. адрес: tyremuratova.a@minjust.kz

 
Шілде 2013
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31