Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбаларын тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Айдар:
Тауар таңбаларын тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Cұрақтар:
  1. Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы деген не? 
  2. Тауар таңбасы ретінде қандай белгілер тіркелуі мүмкін? 
  3. Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады? 
  4. Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет? 
  5. Өтінім берілген белгіге қандай талаптар қойылады? 
  6. Өтінім беріліп отырған белгінің сипаттамасына қандай талаптар бар?
  7. Тауар таңбасын тіркеуге өтінім берудің қандай түрлері бар? 
  8. Тауар таңбасын тіркеуге кім өтінім бере алады?
  9. ҰЗМИ РМК тауар таңбасына өтінімді қарау рәсімі қандай?
  10. Тауар таңбасына сараптама жасау мерзімі қандай?
  11. Тауар таңбасына айрықша құқықтың қолдану мерзімі қандай? 

1. Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы деген не? 

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңының (бұдан әрі –Заң)  1-бабының 8-тармағына сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.


2. Тауар таңбасы ретінде қандай белгілер тіркелуі мүмкін? 

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес  тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.  Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.

Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн негiздер және тауар таңбасын тіркеуден бас тарту негiздерi Заңның 6, 7-баптарында көрсетілген. 


3.  Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады? 

Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет. 

Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында тізбеленген.

Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама жасау мерзімдері Заңның 11-бабында белгіленген). 

Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге дәлелді қорытынды түрінде өтінімді қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарланады.

Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес толық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тіркеу фактісін Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды (Заңның 14-бабының 2-тармағы). 

Заңның 45-тармағына сәйкес Уәкiлеттi орган (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.

Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем ҚР ӘМ "ҰЗМИ "РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.


4. Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет? 

Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген. 

1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.

2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:

1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;

2) мәлiмделген белгiнi;

3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес  тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.

Өтінiмге: 

1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;

2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;

3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.


5.      Өтінім берілген белгіге қандай талаптар қойылады? 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы  30 маусымдағы № 364 бұйрығымен бекітілген  Тауар, қызмет көрсету таңбасына арналған өтінімді жасау және беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-тармағының 1)тармақшасына сәйкес  мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы. Мәлімделетін белгі 8х8 см (бұдан әрі - см) форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері егер 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады. Көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда, бейнелер кішірейтілген түрде ұсынылуы керек. 

Бейнелер анық, қарама-қарсы түсті, репродукциялау үшін жарамды болуы керек.

Тіркеуге мәлімделетін белгінің бейнесі тауар таңбасын тіркеу сұратылған түсте немесе соған ұқсас түс үйлесімінде ұсынылады. Өтінімде түстер немесе түс үйлесімі көрсетілуі тиіс, түсті кескіндемелер қосымша беріледі, бірақ оны ұсыну мерзімі өтінім берген күннен бір айдан аспау керек.

Егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылуы мүмкін.

Егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет.


6.  Өтінім беріліп отырған белгінің сипаттамасына қандай талаптар бар?

Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес,

мәлімделетін белгінің сипаттауын қамтитын мәлімделетін белгінің сипаттамасы, егер өтінім беруші оның мағыналық маңызын түсіндіруді қажет деп санаған жағдайда және оның құрамдас элементтерін, әрі жалпы не оның элементтерінің мағыналық маңызын көрсетуді өтінімге қоса беру қажет.      

Сипаттама мәлімделетін белгінің мәнін, оның идентификациясын түсіндіру үшін қызмет етеді.


 

7. Тауар таңбасын тіркеуге өтінімді қандай тәсілдермен беруге болады

1. Поштамен мына мекенжай бойынша: Орынбор көш., 8, 1 кіреберіс,   Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

2. Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тікелей Ұлттық зияткерлік меншік институтының кеңсесі арқылы беру. 

3. Факспен жіберу: +7 (7172) 74 96 21

Бұл жағдайда өтінім құжаттарының түпнұсқалары факспен бұрын түскен құжаттарды идентификациялайтын ілеспе хатпен бірге ҰЗМИ-ге олардың факспен түскен күнінен бастап бір ай ішінде ұсынылуы тиіс. Осы талапты сақтаған жағдайда факспен түскен күні құжаттың түскен күні болып есептеледі. 

4. Электрондық цифрлі қолды пайдалана , өтінімді электрондық түрде беру қызметін пайдалану:

а)  ҰЗМИ сайты www.kazpatent.kz

ҰЗМИ сайты арқылы өтінімді электрондық түрде беру туралы ақпаратпен сайттың «Өтінімді электрондық түрде беру» бөлімінде танысуға болады;

б) Қазақстан Республикасының www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.


8.      Тауар таңбасын тіркеуге кім өтінім бере алады?

Өтінімді өтінім беруші немесе оның өкілі береді. 

1. Өтінім беруші – тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға (Заңның 1-бабының 5) тармақшасы).  

2. Өтінім берушінің өкілі - патенттік сенім білдірілген өкіл немесе  ҚР АК 167-бабының талаптарына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де өкіл.  


9.    ҰЗМИ РМК тауар таңбасына өтінімді қарау рәсімі қандай?

Тауар таңбасына өтінімді қарау рәсімі кесте бойынша сайттың «Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады» шағын рубрикасында ұсынылған.

(http://kazpatent.kz/images/images/TZ.pdf)


10.    Тауар таңбасына сараптама жасау мерзімі қандай?

Сараптама мерзімдері: алдын ала сараптама – өтінім түскен күннен бастап бір ай ішінде, толық сараптама – өтінім берген күннен бастап тоғыз ай ішінде. Өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша, қосымша төлем жасаған жағдайда, тауар таңбасына өтінімге толық сараптама көрсетілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берген күннен бастап алты айдан кейін жүргізіледі (Заңның 11-бабы).


11. Тауар таңбасына айрықша құқықтың қолдану мерзімі қандай? 

Заңның 15-тармағына сәйкес тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.  Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады.

 

Жарияланған: 05/11/2021 - 12:55 Барлық сұрақтар
 
Желтоқсан 2021
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31