Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
+7 (7273) 44-30-14
kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» филиалында оқыту семинары өтеді

 

 

2020 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында «Қазақстан Республикасындағы патенттік құқықтың негіздері және өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

Аталған семинар қызығушылық танытқан тұлғаларға тұрғындардың зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау маңыздылығы турасында білім деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Семинар барысында келесідей мәселелер талқыланады:

  • ҚР-да өнертабыс пен пайдалы модельді құқықтық қорғау;
  • Шетелдік патенттеу;
  • Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау;
  • Зияткерлік меншік объектілеріне электронды түрде өтінім беру.
  • Өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі. Тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары;
  • Авторлық құқық;
  • Авторлық құқық тәжірибе жүзінде: «Абырой» авторлық қоғамының қызметін цифрландыру туралы;
  • Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру;
  • Зияткерлік меншіктің құнын бағалау.

Семинардың басталу уақыты: 2020 жыл 27 наурыз, сағат 10.00-де.

Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.

Семинарға қатысу құны бір адамға 5495 теңгені құрайды.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!

Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-07 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

 
Наурыз 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31