2020 жылдың 28 қаңтарында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында оқыту семинары өтеді.
Аталған іс-шараға бизнес құрылымдардың өкілдері, отандық өндірушілер және мүдделі тұлғалар шақырылады.
Семинар жұмысында Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де тауар таңбаларын құқықтық қорғау мәселелері қаралады. Сондай-ақ, тауар шығарылған жердің атауына, құқықтарды беру нысандарына және тауар таңбасын тіркеуге электрондық өтінім беруге қатысты мәселелер талқыланады.
Семинардың басталу уақыты: 2020 жыл 28 қаңтар, сағат 10.00-де.
Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.
Семинарға қатысу құны бір адамға 5 495 теңгені құрайды.
Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!
Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-07 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электронды поштасына хабарласуға болады.