Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-13
+7 (7273) 44-30-14
kazpatent@kazpatent.kz

Жиі кездесетін қателіктер

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізуге өтінім беру барысында жиі кездесетін қателіктерді талдау.
    Ең жиі кездесетін қателіктер: 

  • өтінімдегі және туындының көшірмесіндегі әр түрлі атаулар, туындының жасалған күні
  • мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларды тіркеуге өтініш берген кезде - мысалы, өтінім берушілер мәтіні бар музыкалық туындыны ұсынады, бірақ ноталарды мәтінсіз береді немесе керісінше;
  • сценарийлік туындыны тіркеуге берген кезде диалог түріндегі жұмысты ұсынбайды;
  • дыбыс-бейнежазу туындысының авторларын (тең авторларын): сценарий авторы, дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер), қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы суретшінің  толық тізімін көрсетпейді.
  • мүсіндеме туындысын тіркеуге өтініш берген кезде мүсіннің объективтi нысанының  орнына өтінім берушілер эскиз немесе сурет қоса ұсынады;
  • сəулет(архитектура) туындысы мен қала-құрылысы туындысын тіркеуге өтініш берген кезде жобаның нобайын (эскиз) және суретін қоса ұсынбайды.
  • дизайн туындысына өтінім берген кезде тауар белгісі жиі беріледі.
  • ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны тіркеуге өтінім берген кезде қоса берілетін рефератта бағдарламаның мақсатын мен негізгі техникалық сипаттамаларын біріктіріп жазады, бағдарламалау тілін дұрыс көрсетпейді және іске асырушы ЭЕМ-нің типі болмауы жиі кездеседі.
  • құрамдас туындыға немесе туынды шығармаға өтінім берген кезде төл туындының авторымен немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылмайды.
  • жарияланбаған туындыны тіркеуге қатысты,  өтінім берушілер жарияланған екені көрсетілген (ISBN көрсетілген)  туындыларды жиі тіркеуге береді.

 

 
Шілде 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31