Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады.

Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Өтінішке меншік иесі немесе оның өкілі (патенттік сенім білдірілген өкіл) сенімхат бойынша қол қояды.

Өтінішке қоса беріледі:

1) өзгеріс енгізуге төлем жасалғандығын дәлелдейтін құжат:

2) сенім хат (егер өтініш өкіл арқылы берілсе) немесе сенім хат көшірмесі (өтініш патенттік сенім білдірілген өкілмен берілсе). Тауар таңбасын жалпыға танымал деп танудың қолданылу мерзімін ұзартуда, тауардың жалпыға танымалдығын растайтын мәліметтер бірге ұсынылуы қажет.

Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар тікелей пошта немесе кәсіпорынның электронды поштасы арқылы тікелей сараптамалық ұйымға жіберіледі.

Сонымен бірге тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін төлемді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер құнына сәйкес жүргізу қажет. Тауар таңбасын үш сыныпқа дейін тіркеу әрекеті мерзімін ұзартқаны үшін төлем 27 200,32 теңгені құрайды.  Егер ТҚХС сыныптарының тізімі бойынша тауар таңбасы әрекеті үш жылдан асатын мерзімге ұзартылған жағдайда, үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша 13 900,32 теңге мөлшеріндегі соманы төлеу қажет.

Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты ай iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

Егер қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш тіркеудің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін алты ай ішінде берілсе, жіберілген мерзімді қалпына келтіру үшін 32 269, 44  теңге мөлшерінде төлемді жүргізу қажет.

 

 
Желтоқсан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31