Тарихы

Ұлттық зияткерлік меншік институтының құрылу тарихы
 
       Ұлттық зияткерлік меншік институты Патенттік ведомствоның сараптамалық ұйымы ретінде өткен жылдардың тәжірибесі мен білімін пайдаланып келеді.
    Ұлттық патенттік ведомство (Қазпатент) «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патенттік ведомство туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 23 маусымдағы № 806 Жарлығына сәйкес құрылды.
      Мұндай мемлекеттік құрылымды құру, өнеркәсіптік меншік объектілері: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер мен тауар белгілері саласында, өркениетті нарықтық қатынастар құруға бағытталған егемен Қазақстанның ұлттық патенттік жүйесін ұйымдастырудың өмірлік қажеттілігінен туындады. Ұлттық патенттік жүйенің іргетасын қалаушы екі негізгі заң - 1992 жылғы тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Патент заңы және 1993 жылғы ақпанда қабылданған "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы болды. Екі заң да өз кезегінде халықаралық апробациядан өттіп, ТМД елдеріндегі осындай алғашқы заңдардың бірі ретінде қолданысқа енгізілді. Осы заңдарды дамыту барысында, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау грамоталарын (алдын ала патенттер, патенттер мен куәліктер) беруге арналған өтінімдерді жасау, беру және қарау рәсімдерін, оларды пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды ресімдеу тәртібін, құқықтарды басқаға беру шарттарын және осы шарттарды тіркеу рәсімін регламенттейтін нормативтік құжаттар дайындалды және тиісті түрде бекітілді. 1996 жылдың басына дейін Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің құқықтық базасының іргетасын құру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Сол кезеңде Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының декларациясына қол қойылды, соған сәйкес Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) өкілетті мүшесі, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының мүшесі, Тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің және Патенттік кооперация туралы шарттың (РСТ) қатысушысы болып табылады. 1995 жылғы қарашада Қазақстан Еуразиялық патенттік ұйымға мүше болып кірді. Сонымен қатар, алыс және жақын шетелдердің патенттік ведомстволары арасында өзара ынтымақтастық туралы бірқатар ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойылды.
     1996 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Патенттік ведомствосы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 284 қаулысымен Қазпатент Министрлер Кабинетінің құрылымдық бағынысынан шығарылып, дербес мәртебеге ие болды. Осы уақытқа дейін Қазпатент орталық атқарушы органның функцияларын орындай алатын ұйымға айналды.
   1997 жыл басқару аппаратындағы бірқатар құрылымдық қайта құрулармен ерекшеленді. Бұл өзгерістер нарықтық ескірген, экономиканың шынайылығына жауап бермейтін басқару жүйелерін қайта құруға бағытталған болатын. Сол кезеңде басқарудың ең тиімді, икемді және мобильді тұтқалары табылды. Кейіннен, нарықтың бірдей сегменттерінде функцияларды орындайтын басқару органдарын біріктіру және орталықтандыру бойынша жұмыс басталды. Қазпатент Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдардың бірі ретінде бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Осы өзгерістерге сәйкес Қазпатент ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігінің құрылымына енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.02.1997 жылғы № 175 Қаулысы), содан кейін Өнеркәсіп және сауда министрлігінің қайта ұйымдастырылуына және оның функцияларының Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіне берілуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3377 Жарлығы) ҚР Экономика және сауда министрлігінің бағынысына енгізілді. 1997 жылдан бастап ҚР Экономика және сауда министрлігінің Патенттік агенттігі болып табылды.
     2001 жылғы наурызда Қазпатент, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің құрылымына енгізілгенге дейін, ол 1997 жылғы қазаннан бастап 1998 жылғы ақпанға дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің құрылымында, ал 1998 жылғы ақпаннан бастап 2000 жылғы тамызға дейін ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылымында болды. 2002 жылың наурызында ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетке функцияларын бере отырып, Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеттің «Қазақ патенттік сараптама институты» таратылды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты құрылып, 2003 жылғы 19 қыркүйекте өз жұмысын бастады.
 

Институт «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 806 Жарлығына сәйкес құрылған Ұлттық патент ведомствосының құқықтық мұрагері болып табылады.

Институттың қазақ тіліндегі толық ресми атауы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; қысқартылған атауы – «ҰЗМИ» РМК.

Институттың орыс тіліндегі толық ресми атауы – Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан; қысқартылған атауы – РГП «НИИС».

Ағылшын тіліндегі толық атауы - Republican State Enterprise on the right of economic management "National Institute of Intellectual Property" of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan; қысқартылған атауы - RSE “NIIP”.

Институт заңды тұлға болып табылады, өзінің теңгерімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар мөрі және атауы, бланкілері, тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) және заңды тұлғаның басқа деректемелері бар.

Институт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады.

Институт өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға және міндеттерге ие болады, сотқа талапкер және жауап беруші ретінде қатыса алады.

Институттың орналасқан жері – Нұр-Сұлтан қаласы. Орналасқан мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қ., Мәнгілік Ел даңғылы, 57А.

 

Институт қызметінің мақсатына жеке және заңды тұлғаларға қызметтің негізгі түрлері бойынша сараптамалық қызметтерді көрсету жатады.

Институт қызметтің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

·өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке патент беруге өтінімдердің, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылатын жерлердiң атауларын мемлекеттік тіркеуге және оған айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің, сонымен бірге бұрын тіркелген тауар шығарылатын жерлердiң атауына айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамасын жүргізеді және олардың нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлейді;

·зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтарына иелік ету шарттарының сараптамасын жүргізеді;

·зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты өтініштерді, өтінішхаттарды қарастырады;

·Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар шығарылатын жерлердiң атауларының мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне жазбаларды енгізеді;

·қорғау құжаттарының және олардың телнұсқаларын техникалық ресімдеуін жүзеге асырады;

·ресми бюллетеньді шығаруды қамтамасыз етеді;

·зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласында халықаралық әріптестікке қатысады, оның ішінде

I.Патенттік кооперация және Еуразиялық патенттік конвенция жөніндегі шартқа сәйкес өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;

II.Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасына сәйкес халықаралық өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;

III.ДЗМҰ-мен, басқа мемлекеттердің патенттік ведомстволарымен,  Институт құзыретіне жататын сұрақтар бойынша өзге ұйымдармен халықаралық әріптестік шеңберінде жұмысты орындайды.

 

 
Тамыз 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31