Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Селекциялық жетістіктерді қорғау

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1 заңына сәйкес селекциялық жетістікке құқық патентпен расталады.

 Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

 Патентпен селекциялық жетістікке берілетін құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен айқындалады.

 Селекциялық жетістікке патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі.

 Алдын ала сараптаманы сараптама ұйымы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ"РМК) жүргізеді.

 Ұсынылған селекциялық жетістіктің атауының дұрыстығын тексеруді, селекциялық жетістіктерді патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде сараптауды және сынауды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады, ол өндірісте пайдалануға ұсынылатын тиісті Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

 Патент патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландырады.

Өсімдіктердің сорттарына патенттің қолданылу мерзімі 25 жылды, жануарлардың тұқымына - 30 жылды, жүзімнің, ағаш сәндік, жеміс және орман дақылдарының, оның ішінде олардың телітілген сорттарына - сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап 35 жылды құрайды.

Патенттің қолданылу мерзімі ұзартудың әрбір жылы үшін жүргізілген төлемді ескере отырып, патент иесінің өтініші бойынша, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

 
Желтоқсан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31