Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-91
Алматы қаласындағы contact-center: +7 (7273) 44-30-14
+7 (7273) 44-30-15
kazpatent@kazpatent.kz

Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту

Қазақстан Республикасының Патент Заңының 5-бабының 3 тармағына сәйкес пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000427_

Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 38-46 тармақтарына сәйкес өтініш патенттің бесінші жыл қолдану мерзімі ішінде, ол күшінде ұсталып тұратын жағдайда сараптама жасау ұйымына беріледі.

Пайдалы модельге патенттің қолдану мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхатты беру және іс-қағаздарды жүргізу үшін патент иеленуші сенімхат бере отырып, патенттік сенім білдірілген өкілге немесе өзге өкілге өкілеттік бере алады.

Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Өтінішхатқа патент иеленуші немесе сенімхат негізінде әрекет ететін патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды).

Өтінішхатқа мыналар қоса беріледі:

1) пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау үшін төлемді растайтын құжат;

2) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).

Өтінішхат пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі, пошта арқылы немесе кәсіпорынның электрондық мекенжайына жіберіледі.

Өтінішхат пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Өтініш беру шарты сақталған жағдайда пайдалы модельге патенттің қолданылуы өтінішхатта көрсетілген мерзімге ұзартылады, бірақ үш жылдан аспайды.

Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеньнің жақын арадағы басылымында жарияланады.

Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы тиісті хабарлама өтінім берушіге жіберіледі.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда, өтініш беруші сараптама ұйымына сұраныс жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттар толық пакеті ұсынылмаған жағдайда патент қолданысы ұзартылмайды, ол туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17415 болып тіркелді. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415

 

 
Желтоқсан 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31