Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Патенттік-ақпараттық іздеу бойынша қызмет көрсету

Патенттік-ақпараттық іздеу бойынша қызмет көрсету

"ҰЗМИ" РМК өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігіне (қорғауға қабілеттілігіне) алдын ала талдау, әртүрлі іздеу түрлерін, соның ішінде тақырыптық, фирмалық және нөмірленген іздеулер, ұқсас патенттерді іздеу, Халықаралық патенттік жіктеме бойынша іздестіру жүргізеді, сондай-ақ өнертабыстың, пайдалы модельдің тіркелген объектісі бойынша мәліметтерге салыстырмалы талдау жүргізеді.

Патенттік іздеу өнертабыстың бірегейлігі дәрежесін тексеруге, оның қолданылу саласын, оның ішінде зерттелетін, сондай-ақ байланысты және басқа салаларды анықтауға, аналогтардың болуын анықтауға, атына патенттер берілген тұлғалар және өз қызметінде ұқсас өнертабыстарды пайдаланатын тұлғалар туралы ақпарат алуға, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне үшінші тұлғалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, патенттік іздеу қызығушылық тудыратын саладағы зерттеулердің жалпы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Іздеу нәтижелерін талдау болжам жасауға, өнертабыстың және оның аналогтарының және тұтастай алғанда саланың болашақ даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді.

Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді қорғау саласындағы ҰЗМИ РМК іске асыратын қызметтердің тізбесінде іздестірудің мынадай түрлері көзделген:

 

Қызметтің атауы

Қызмет құны

1

ҰЗМИ және ЕАПҰ патенттік ақпарат деректер қорларында 3 МПК тобына дейін  (әрбір кейінгі 10-кіші тобы МПК-ның қосымша тобы болып саналады) 20 жұмыс күні ішінде тақырыптық патенттік іздеуді жүргізу

48 725,60

 

МПК 3 топтан астам әрбір тобы үшін қосымша 20 жұмыс күні ішінде (10 күн ішінде 2-коэффициенті қолданады)

23 400,00

2

Патенттік құжаттаманы іздестіру

 

 

нөмірі бойынша (1құжат үшін)

750,40

 

атаулық (фирмалық)  (1жыл/ 1 ДБ / 1 ел/ 1 атау)

1 115,52

 

патент-аналогтарға іздестіруді жүргізу

17 465,28

3

тіркелген бір өнеркәсіптік меншік объектісінің мәліметтері бойынша (өнертабыс, пайдалы модель) салыстырмалы талдауды 20 жұмыс күні ішінде жүргізу

326 201,12

 

өнеркәсіптік меншіктің  әрбір қосымша объектісіне (өнертабысқа, пайдалы модельге) қатысты 20 жұмыс күні ішінде жүргізу                   

94096,80

 

Іздеу ұлттық деректер базасында және ЕАПҰ деректер базасында жүргізіледі. 

 

 
Мамыр 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
23
24
25
26
27
28
29
30
31