Өзгертілген күні: 03/09/2021 - 17:50
Өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасы патенттік Заңының 21-бабына сәйкес өтінім беруші өтінім құжаттарына өзгерістер енгізуге құқылы:
- тиісті шешім қабылданғанға дейін мәлімделген объектінің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алу құқығын беру кезінде өтініш берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгізіледі;
- тиісті мемлекеттік тізілімде Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу күніне дейін өтінім берушінің атауын өзгерту нәтижесінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өтінім құжаттарына өзгерістер, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателерді түзету енгізіледі.
Өтінім материалдарына өзгерістер енгізу үшін өтініш беруші "ҰЗМИ" РМК-ға өзгерістер енгізу туралы қолдаухат пен төлем туралы құжатты жіберуі қажет.
Өтінім "ҰЗМИ" РМК-ға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өзгерістер енгізілген кезде төлем алынбайды.
Өтінім материалдарына өзгерістер енгізгені үшін төлем мөлшері
№ п/п |
Атауы |
Заңды тұлғалар үшін |
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін |
Жеке тұлғалар үшін |
Бұйрықтың 2 қосымшасындағы 1.1), 3.1) сәйкес тармақтарындағы жеңілдік берілген тұлғалар үшін |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Өтінім материалдарына өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізгенге дейін өзгерістер енгізу, бөлек әрбір әрекет үшін |
5 224,80 |
4 441,08 |
1 568,00 |
265,00 |