Өзгертілген күні: 29/05/2019 - 09:32
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Өтініш «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2,3 және 4-қосымшаларына және «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2, 3-қосымшаларына сәйкес беріледі.
Өтінішке:
- төлемді растайтын құжат;
- объектіні пайдалану құқығын беретін шарт немесе нотариалдық куәландырылған шарттың көшірмесі;
- егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні ішінде. Көрсетілген мерзім өтініш және оған қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі және «ҰЗМИ» РМК-нің сұрауы бойынша өтініш иесіне жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсынуы немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.