Өтінімді өзгерту

Өнертабысқа берілген өтінімді пайдалы модельге немесе пайдалы модельге берілген өтінімді өнертабысқа өзгерту тәртібі 

Қазақстан Республикасының Патент заңының 28 бабына сәйкес өтiнiм берушi өнертабысқа өтiнiмін пайдалы модельге немесе керісінше пайдалы модельден өнертабысқа өзгертуіне құқылы. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.

Өтінім берушінің бұл құқығы Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасау Қағидаларының (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығының Қосымша) 86 тармағының талаптарына сай келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

- өтінімді өзгерту бойынша тиiстi өтiнiшхат сараптама ұйымының өтінімге сараптама жасау нәтижесінің шешімі шыққанға дейін берілуі тиіс;

- өтінішхатпен қатар тиісті төлем құжаты және өтінім құжаттары – өтініш, сипаттама, формула, реферат, сызбалар берілуі тиіс;

Егерде өтінішхат талаптарға сәйкес рәсімделмеген болса, ол туралы өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Өтінім берушіге жасалған өзгерту туралы және өтінімді әрі қарай қарау пайдалы модельге (немесе өнертабысқа) қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілетіні туралы хабарлама өзгерген күннен бастап бір ай мерзімде жіберіледі.

    

 Қай жағдайларда өтінімді өзгерту іске асырылмайды:

- Патент беру туралы шешім шыққаннан кейін өтінішхат түскен кезде, өтінім берушіге өтінімді қайта өзгерту мүмкін еместігі туралы хабарлама өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

- Пайдалы модельге патент беруге өтінімге өзгерту патенттеу объектілері адамдар мен жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдері болатын өтінімдерге қатысты жүргізілмейді.

      Өтінімде адамдар мен жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдерінен басқа пайдалы модель болып танылатын объектілер де қамтитын өнертабыс топтары мәлімделсе, өзгерту соңғыларына қатысты жүзеге асырылады.

-Өнертабыстарға немесе пайдалы модельге берілген өтінім қайтарылған немесе қайтарылған болып есептелетін өтінімдерге өзгерту жүргізілмейді.

Өзгерілуі болмаған өтінім алғашқы берілген объектіге өтінім болып қалады.

Егер, өзгерту туралы өтінішхат қайтарылған болып саналатын өтінімге қатысты Заңның 22-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес келіп түссе және өтінішхатпен бірге өткізілген мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш ұсынылса, соңғысы Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес қаралады.

Өтінім берушіден оған бұрын орын алған өзгерту туралы хабарлама жібергеннен кейін пайдалы модельге өтінімді өнертабысқа өтінімге (немесе өнертабысқа өтінімде пайдалы модельге) қайта өзгерту туралы өтінішхат түскен кезде, өтінім берушіге осындай өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгертуді жүзеге асыру мүмкін емес деген хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің оған өнертабысқа өтінімін пайдалы модельге (немесе пайдалы модельге өтінімін өнертабысқа) өзгерту жүзеге асырылғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен өнертабысқа өтінімді пайдалы модельге (нмесе керісінше) өзгерту туралы берген өтінімді жарамсыз деп есептеу туралы өтініші өтінімді қайта өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

Өтінімді өзгертуге қатысты төлемдер

«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Бағасы (ҚҚС-н есепке ала отырып, теңгеде)

заңды тұлғалар үшін

шағын және орта бизнес субъектілері үшін

жеке тұлғалар үшін

Бұйрықтың 2 қосымшасындағы 1.1), 3.1) сәйкес тармақтарындағы  жеңілдік берілген тұлғалар үшін

1

Өнертабысқа және/немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгерту

8 730,40

6984,32

2618,56

440,00

 

 
Қыркүйек 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
26
27
28
29
30