Өтінім және оған қоса берілген құжаттар

Селекциялық жетістікке патент алу өтінімі әрбір өсімдік сортына, жануарлар тұқымына рәсімделеді және келесідей құжаттарды қамтиды:

1) патент беру туралы өтiнiш;

2) айқындылық дәрежесі және индексімен сипатталатын кесте арқылы берілген селекциялық жетістік сауалнамасы;

3) сенiмдi өкiл арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.

Селекциялық жетістік өтiнiмімен бірге:

1) өтiнiм беру ақысы;

2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының  1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.

Селекциялық жетістік өтініміне қоса берілетін төлем құжаттары өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзім ішінде тапсырылады. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзiм екi айдан артық емес мерзімге  ұзартылуы мүмкін.

Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 1-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

 
Қыркүйек 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
26
27
28
29
30