Өтінім және оған қоса берілген құжаттар

Пайдалы модельге  патент беру өтінімі келесідей құжаттарды қамтуы керек:

1) пайдалы модель авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған тұлғалар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;

2) тиiстi салада біліктілікке ие маманның пайдалы модельді жүзеге асыруына жеткiлiктi деңгейде сипатталған өнертабыс сипаттамасы;

3) пайдалы модель объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн пайдалы модель формуласы. Формула анық, нақты болуы және сипаттамаға негiзделуі тиiс;

4) сызбалар;

5) реферат;

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат.

Пайдалы модель өтiнiмімен бірге:

1) өтiнiм беру ақысы бекітілген мөлшерде төленгенiн;

2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін (ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 23 желтоқсан 2020 жылғы №254-нқ бұйрығы 2-ші қосымшасының  1.1 және 3.1 тармақшаларына сәйкес жеңілдікке ие тұлғалар санатына жататын өтінім берушілерге) растайтын құжаттар қоса беріледі.

Пайдалы модель өтініміне қоса берілетін төлем құжаттары өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзім ішінде тапсырылады. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзiм екi айдан артық емес мерзімге  ұзартылуы мүмкін.

Өтінім құжаттары Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жыл 29 тамыздағы № 1349 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/124989/kaz бұйрығының 2-ші қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

 
Шілде 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31