Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қорғау құжатын беру кезінде:
мемлекеттiк тiзiлiмде (өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, өнертабысқа) қорғау құжатын беру туралы мәліметті енгізу және қорғау құжатының берілгені туралы мәліметті енгізуді жариялау немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішхатсыз өтінім берген жағдайда өнертабысқа патент беру туралы мәліметтер он сегіз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге он екі ай өткеннен кейін жарияланады.
Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
қорғау құжатына телнұсқа беру немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

 
1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы: "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК-ның www.kazpatent.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Қорғау құжатын беру кезінде:
1) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда;
3) егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш білдірсе, мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішхаттың электрондық көшірмесі.
Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
1) осы қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхаты;
2) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілуі өкіл арқылы берілген жағдайда.
Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден төлемді растайтын құжат туралы ақпаратты алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

 

 
Мамыр 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31