Халықаралық ынтымақтастық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүшелікке және жеке халықаралық келісімдерге қатысуға қатысты 1993 жылғы 16 ақпандағы декларацияны қабылдау арқылы мүшесі болып табылады. Бұл ретте ДЗМҰ мүше елдердің тізімінде Қазақстан ДЗМҰ мүшелігін КСРО таратылған күннен бастап, яғни 1991 жылғы 25 желтоқсаннан бастап қабылдаған деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Патент кооперация туралы шарт (PCT), Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі мен көрсетілген келісімге хаттаманы ратификациялаған.

 

ӨҢІРЛІК ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Еуразиялық патенттік ұйымға мүшелік шеңберінде Қазақстан Еуразиялық патенттік ұйымның қатысушысы ретінде 1995 жылғы 5 қарашадан белгілі. Аталған конвенцияның негізгі мақсаты – Конвенция қатысушылары болып табылатын барлық мемлекеттердің аймағында әрекет ететін бірыңғай еуразиялық патенттің негізінде өнертабыстарды және өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өңірлік жүйесін құру.

 

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ПАТЕНТТІК ВЕДОМСТВОЛАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

  • 2015 жылғы 7 қазанда Женева қаласында (Швейцария) ДЗМҰ мүше мемлекеттер ассамблеясы отырысының 55 серия шеңберіндегі жұмыс барысында "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен Француз Республикасы Өнеркәсіптік меншіктің ұлттық институты арқылы Ынтымақтастық және өзара түсінушілік туралы меморандум жасалынған.
  • 2016 жылғы 16 мамырда Астана қаласында "ҰЗМИ" РМК автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК және Зияткерлік меншіктің Корей ведомствосымен Ынтымақтастық және өзара түсінушілік туралы меморандум жасалынған.
  • 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен АҚШ Патенттер мен тауар таңбалары бойынша ведомство Екіжақты ынтымақтастық бойынша өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2017 жылғы 10 қыркүйекте "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік бойынша мемлекеттік ведомство арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2021 жылғы 5 қаңтарда "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен Түрік патенттер мен тауар таңбалары жөніндегі ведомствосы (бұдан әрі - TURKPATENT) арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2021 жылғы 6 сәуірде "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO) арасында Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2021 жылғы 21 шілдеде "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен Беларусь Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2021 жылғы 20 қазанда "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

 
Желтоқсан 2022
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31