Оқиғалар күнтізбесі

30 June 2022

Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына оқыту вебинарын өткізді

29-30 маусымда Qazpatent «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына «Зияткерлік меншік - компанияңыздың құнды активі» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау, IT-шешімдерді патенттеу мәселелерін, сондай-ақ жергілікті брендтерді дамыту құралы ретінде тауар шығарылған жердің атауын мәселелерін қамтыды.

X Петербург халықаралық заң форумы

Бұл күндері (29 маусым - 1 шілде) Санкт-Петербургте министр Қанат Мусин бастаған Әділет министрлігінің делегациясы Х Петербург халықаралық заң форумына қатысуда.