Оқиғалар күнтізбесі

14 June 2022

Қазпатент делегациясы ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың Батыс Қазақстан облысының ғылыми қоғамдастығымен кездесуіне қатысты

2022 жылдың 14 маусымында Жәңгір хан атындағы "Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті" КЕАҚ алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Батыс Қазақстан облысы университеттерінің оқытушылар құрамымен, "Қазақстан Жазушылар Одағы" және "Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы"ҚБ филиалдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары желісін дамыту мәселелері талқыланды.