Оқиғалар күнтізбесі

05 June 2022

Qazpatent өкілдері зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бойынша мастер-класс өткізді

5 маусымда Qazpatent өкілдері Ақтау қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұйымдастырған «Caspian Startup» байқауы аясында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бойынша мастер-класс өткізді.

Мастер – класта спикерлер ретінде патенттік құжаттаманы дайындау және жариялау басқармасының басшысы Срайыл Замира Болатханқызы, сондай – ақ зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ұлханова Аружан Асылбекқызы сөз сөйледі.