Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Оқиғалар күнтізбесі

28 January 2020

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығымен «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында семинар өткізділді

2020 жылдың 28 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар бизнес құрылым өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар үшін құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында өткізілді.

2020 жылдың 28 қаңтарында «ҰЗМИ» филиалында оқыту семинары өтеді

Файл: 

 

2020 жылдың 28 қаңтарында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

Аталған іс-шараға бизнес құрылымдардың өкілдері, отандық өндірушілер және мүдделі тұлғалар шақырылады.

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де тауар таңбаларын құқықтық қорғау мәселелері қаралады. Сондай-ақ, тауар шығарылған жердің атауына, құқықтарды беру нысандарына және тауар таңбасын тіркеуге электрондық өтінім беруге қатысты мәселелер талқыланады.

Семинардың басталу уақыты: 2020 жыл 28 қаңтар, сағат 10.00-де.

Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.

Семинарға қатысу құны бір адамға 5 495 теңгені құрайды.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!

Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-07 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

 

 

 
Қаңтар 2020
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31