Нұр-Сұлтан қаласындағы contact-center: +7 (7172) 62-15-15
Contact-center: +7 777 983 8583
+7 775 708 5328
kazpatent@kazpatent.kz

Оқиғалар күнтізбесі

28 November 2019

Сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

2019 жылдың қазанында біз өнертабысқа өтінімдерді сараптау бойынша ҰЗМИ қызметтерінің сапасына сіздің қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізген болатынбыз.

Нәтижелер респонденттердің 85%, біздің қызмет көрсетулерімізге қанағаттанғанын көрсетті.

Оқу орталығы студенттерге арналған семинар өткізді

2019 жылдың 28 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

27-28 қараша 2019 жылы семинар өтеді

 

ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Назарбаев Университеті» ДББҰ, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ («NURIS» жеке мекемесі) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп 2019 жылдың 27-29 қарашасында Қазақстанның технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жобасына қосылуы бойынша халықаралық семинар өткізеді.

Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының негізгі міндеттері өнертапқыштарға, шағын және орта бизнеске, патенттеушілерге, патенттік сенім білдіргендерге және басқа да мүдделі тұлғаларға көмектесу. Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының мемлекеттік және аймақтық университеттердің базаларында географиясын кеңейту мақсатында, Сіздерді жоғарыда көрсетілген семинарлардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Алдын ала бағдарлама қоса беріледі.

  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 27-28 қарашасында Қабанбай батыр даңғылы, 53, С3 блогы, №3015 конференц-залы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қарашасында, ұйымдастырушылар обьектілерді күзету және қорғау бойынша оқыту семинарын өткізеді. Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы 53, С3 блогы, №1022 конференц-залы.

НУ және  («NURIS» ЖМ) атынан байланыс тұлғасы Толыбаев Жалгас Манатович, тел. 8 (7172)70-63-62, ұялы тел. 8 707 909 07 50.

Сіздің тарапыңыздан қатысушы туралы ақпаратты (Т.А.Ж., лауазымы, байланыс телефоны) zhalgas.tolybayev@nu.edu.kz электрондық адресіне жолдауыңызды сұраймыз.

 

 
Қараша 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24