Өскемен қ. «ҰЗМИ» РМК филиалы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді
Жарияланған күні: 22/02/2017 - 11:39
Өзгертілген күні: 28/02/2017 - 09:50
Өзгертілген күні: 28/02/2017 - 09:50
А.ж. 15 ақпанда Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму қоры» АҚ-ның аймақтық филиалында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шараның мақсаты - азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін білдіретін заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.