2016 жылғы 15 қарашада Патенттік сенім білдірілгендер одақта жаңа басқарма құрамын сайлау, жаңа басқарма төрағасы және тексеру комиссияның кезекті есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Дауыс беру нәтижесінде басқарма төрағасы мүшелері 7 адам болып сайланды:
2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Ашық есік күні» өтеді.
Аталған шарада «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының басқарма басшылары мен Оқу орталығының бас мамандары баяндама жасайды.
2016 жылдың 23 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Өскемен филиалы Шығыс Қазақстан Өңірлік «Алтай» Технопаркінде қаланың кәсіпорындарын басшылары, Д.Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техниқалық университетінің ғылыми қызметкерлер, Шығыс Қазақстан Өңірлік «Алтай» технопаркінің қызметкерлерінің қатысуымен «Өнеркәсіптік меншік объектілері тіркеу. Электрондық өтінім беру» атты көшпелі семинар өткізді.
2016 жылдың 22 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері және ҚР территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер)» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
2016 жылдың 15 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. «Шапағат» байқауы туралы тақырыбында семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 17 қарашада сағ. 16:00-де Қызылорда қаласындағы «Студенттер сарайы» ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаласы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
2016 жылдың 11 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және зияткерлік меншік объектілріне электронды түрде берілген өтінімдер үлесін арттыру бойынша жоспарды орындау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өткізді.
2016 жылдың 8 және 9 желтоқсанында Астана қ. Географиялық көрсеткіштер мен басқа да шығу негізіндегі айыру белгілерін қорғау құралдары мәселелері бойынша субрегионалдық семинар және Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеудің Гаага жүйесі бойынша субрегионалдық семинар өтеді. Семинар ұйымдастырушылар ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі – ДЗМҰ) қолдауымен.
2016 жылы 10 қазанда Қарағанды қаласында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Ағымдағы жылғы 8 қарашада Талдықорған қаласында ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.