Терминдердің глоссарийі

Авторлық құқық туралы заңнама бойынша 
Автор - шығармашылық еңбегiмен өнер туындысын жасаған жеке тұлға. Автор өзінің туындысына қатысты арнайы құқыққа. 
Авторлық құқық – ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың бөлігі. 
Оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға өнеркәсіптік меншік объектісінің авторы болып табылады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысқан барлық олардың бәрi оның авторлары болып есептеледi (қосалқы авторлар). Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайтын жеке құқық болып табылады және мерзімсіз қорғалынады. Егер Қазақстан Республикасында қорғалынатын тауар таңбаларының үшінші тұлғаның құқы бұзылмайтын болса, автор өнеркәсіптік меншік объектісіне өз атын немесе арнаулы ат бере алады. 
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзiнiң шығармашылық үлесiн қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. 
Тауар таңбасы - бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. 
Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (қызметiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. Тауар таңбасы ретінде бір тұлғаның тауарлар мен қызметтерін басқа тұлғаның біртекті тауарлары мен қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бейнелі, ауызша, әріптік, сандық, көлемді және басқа да белгілер немесе олардың құрамдастары тіркеле алады. Тауар таңбасы кез келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеле алады. 
Ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы. 

Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай, мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыреттi органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бiрдей белгiлi танылған тауар таңбасы. 

Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердiң атауы қорғалатын тауарларда және (немесе) олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқық беру, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу. 

Тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының иесi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес тауар таңбасына айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие заңды тұлға немесе жеке тұлға. 

Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгiленедi. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетiп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет. 

Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн. 

Тауар таңбаларының бірдейлілігі болып барлық элементтері ұқсас келетін белгі танылады. 

Тауар шығарылған жердiң атауы - бұл ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен оны шығаратын жермен, оның iшiнде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын географиялық көрсеткiш. 

Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасы - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама; 

Географиялық көрсеткiш - бұл - белгiлi бiр аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бiрыңғайландыру көрсеткiшi. 

Париж конвенциясы - өнеркәсіптік меншікті халықаралық құқықтық қорғау мәселелерін реттеуші кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы. 

Конвенция: 
өнертабысты қорғауға байланысты көрмелерде мүше - мемлекеттерге артықшылықтар береді; - шетелде тауар таңбаларын тіркеуге байланысты мәселелерді реттейді; - жосықсыз бәсекеден қорғау ережелерін қарастырады. Тауар таңбаларын тіркеу Мадрид жүйесі(Мадрид жүйесі) – тауар таңбалары жөніндегі ұлттық немесе аудандық ведомствоға бір өтінім беру арқылы бірнеше мемлекеттерде (Мадрид одағының мүшелері) тауар таңбаларын қорғау мүмкіндігі. Осындай жолмен тіркелген халықаралық белгі өтінім иесі көрсеткен мемлекеттердің әрқайсысында тікелей жүзеге асырылатын өтінімнің немесе осы белгіні тіркеу эквиваленті болып табылады. 

Фирма атауы – оның жарғысын бекіту барысында анықталатын заңды тұлғаның атауы. Белгілі бір фирма атауымен заңды тұлға заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеліміне қосылады. Бұрын тіркелген заңды тұлғаның атауына соншалықты ұқсастығынан сәйкесінше заңды тұлғаларды теңестіруге, сонымен қатар олар шығаратын тауарлар немесе көрсететін қызметтерге байланысты жаңылысқа алып келетін болса, фирма атауы пайдаланыла алмайды. 

1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. 
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. 

Зияткерлік мешік – зияткерлік меншік нәтижесіне және оған теңестірілген құқықтық қорғау берілетін тауарларды, қызметтерді, кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды даралау тәсілдеріне құқық. Зияткерлік меншік нәтижесіне құқық талапқа сай нәтиже көрсетілген материалдық затқа меншік құқығымен байланысты емес. 

Өнеркәсіптік меншік - бірнеше елдер заңнамалары мен халықаралық келісімдерге тән жинақтама термин. Өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, фирма атауларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына құқық, сонымен қатар жосықсыз бәсекеге қарсы қорғауға байланысты құқықтарды қосады. 

Өнертабыс – ұйымдастыру, тәсіл, затқа қатысты кез келген салада маңызды айырмашылықтарға ие және жаңа міндеттің техникалық шешімі. 

Патент – құзыретті мемлекеттік орган беретін және өтінім берілген объектінің өнертабыс екендігін (өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель), өнертабыс басымдылығын, авторлық және өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын құжат. 

Патенттік құқық – нормаларды мүліктік, сонымен қатар құқықтық қорғау құруға және өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді пайдалану байланысты туындаған соған байланысты жеке мүліктік емес қатынасты реттейтін заңнама саласы көрсетілген объектілерге патент беру арқылы қорғау құқығын орнатады. 

Зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары. 

Қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берiлген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдерге патенттер. 

Патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi. 

Патент иеленуші – қорғау құжатының иесі. Патент иесіне өз қалауымен қорғалынатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану айрықша құқығы беріледі. Қорғалынатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану айрықша құқығы осы қорғау құжатын бергендігі туралы мәліметтің ресми бюллетенде жарияланған күнінен бастап қорғау құжатының қолданылуы кезеңінде патент иеленуші арқылы жүзеге асырылады. 

Патент қабілеттілігі – техникалық шешім белгісінің жиынтығы, оның болмауынан мемлекеттегі қолданыстағы заңнама негізінде өнертабыс болып мойындалмайды. Егер ол жаңа болса, өнертабыстық деңгейі мен өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса өнертабысқа құқықтық қорғаынс беріледі. Егер техника деңгейінен танымал болмаса өнертабыс жаңа болып танылады. Егер өнертабыс маман үшін айқын түрде техника деңгейінен болмаса өнертапқыштық деңгейі бар. 

Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) – техникалық немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе, өндіріс құпиясы. Көбінесе Ноу-хау ретінде техникалық шығармашылық нәтижесі түсініледі. Алайда бұл термин қандай да бір бұйымды өндіру үшін қажетті техникалық және басқа ақпаратқа, осы немесе басқа мемлекетте қандай да бір себеппен патенттелмеген өнертабыс деңгейінде орындалған техникалық шешімдерге қолданылуы мүмкін. Берілетін ғылыми- техникалық ақпараттың құпиялылық элементі Ноу- хаудың негізгі нышандарының бірі болып табылады. Қорғау ереже бойынша лицензиялық келісімшарт пен басқа да сол сияқты келісімдер шарттарына сәйкес тек келісімшарт тәртібінде ғана жүзеге асырылады. 

Конвенциялық басымдық – өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясында қарастырылған тәртіп. Өнертабыс (сонымен қатар пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге және тауар таңбаларына) жаңалығын талап етуге байланысты пайда болды. Сәйкесінше өтінімді бірінші болып берген тұлға конвенциялық басымдылық құқығына ие болады. 

Еуразиялық патенттік жүйе – Еуразиялық патенттік конвенцияға мүше 9 мемлекет Түркіменстан, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Армения Республикасы территорияларында қолданылатын біртұтас еуразиялық патент негізінде жеке және заңды тұлғаларға өздерінің өнертабыстарына құқытарын қорғау мүмкіндігі. Еуразиялық патент ғылыми- техникалық және экономикалық қызметтің барлық салаларында жасалатын өнертабыстарға беріледі. 

Қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi. 

Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге формалдық сараптама өтінім берiлген күн белгiленгеннен кейiн жүргізіледі, өтінімге формалдық сараптама жүргізу барысында қажетті құжаттардың болуы, сонымен қатар олардың орнатылған талапқа сәйкестігі тексеріледі. Формалдық сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. 

Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгi мен патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды. 

Өнертабыс формуласы өнертабыс объектісін анықтайды және оның мәнін көрсетеді. Формула анық, дәл болып, сипаттамаға негiзделуі керек. 

Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi. Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтiрiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтiнiм берген (қайтарып алынғандарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi. 

Пайдалы модель – өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын, сонымен қатар олардың жалғамалы бөлімдерін (құрылғылар) сындарлы атқару. Егер оның маңызды белгілер жинағы техника деңгейі туралы тоқайластырудан беймәлім болса пайдалы модель жаңа деп танылады. 

Патенттiк сенiмдi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары. 

Бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылымы. 

Лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты. 

Ескертпе таңбалау - Тауар таңбасына куәлiк иесi тауар таңбасына қатар тұстан пайдаланылып отырған белгi Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбасы екенiн көрсететiн латынның (R) әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауын не "тауар таңбасы", "товарный знак" немесе "тiркелген тауар таңбасы" деген сөз белгiлерiн соға алады. 

Селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы. 

Селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға. 

Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi. 

Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға рұқсат етiлген мемлекеттiк тiзiлiмi - пайдалануға рұқсат етiлген, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн рұқсат етiлген сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi. 

Сорт - шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттерi мен морфологиялық белгiлерi ұқсас, шығу тегi жағынан туыс, өз белгiлерiн тұқым қуалау арқылы келесi ұрпақтарға беретiн және белгiлi бiр ботаникалық таксондағы өсiмдiктердiң басқа топтарынан ең болмағанда бiр белгiсi бойынша ерекшеленетiн бiр дақылдың өсiмдiктер тобы. Сорттың қорғалатын санаттары: клон, желi, бiрiншi ұрпақ буданы, жеке түр болып табылады. 

Тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жануар. 

Тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" ұзақ уақыт өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады. 

Ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзi, жемiстер, дән шоғыры, күрделi жемiстердiң бөлiктерi, баданалар мен түйнектер. 

Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары. 

Фонограмма - орындаушылардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгiзiлген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру. 

Пайдаланылған дереккөздері тізімі 

• 1999 ж. 1 шілдедег3 N 409 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 
• 1999 жылғы 16 шілдедігі N 427 Қазақстан Республикасының Патент заңы; 
• «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы; 
• «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422-I Заңы; 
• 1883 ж. 20 наурызындағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 
• Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 Заңы
• Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (Мадрид,1891жыл 14 сәуі); 
• «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6 Заңы
• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 55-ОД бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылы 30 сәуірде № 4645 тіркелген. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2010 жылдың 23 сәуіріндегі №136 «Тауар таңбасына өтінім құрастыру, ресімдеу және қарау нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығымен күші жойылды. 
• БД «Заң» заң терминдері сөздігі