Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

 

Құрметті өтінім берушілер және олардың өілдері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ) өзі көрсететін қызметтерін  электронды форматқа ауыстыру  бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

2010 жылдан бастап өтінімдерді электронды беру жұмыс істейді. Бүгінгі күні ол  барлық тіркелетін  өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты   жұмыс  жүргізуде.

Өтінімдерді электронды беру саны артуда. 2018 жылдың бастапқы төрт айы бойынша ҰЗМИ-ға  келіп түскен өтінімдердің 25% электронды түрде берілген,  тауар таңбаларына келіп түскен өтінімдердің электронды берілгендерінің үлесі 30%.

 

Өтінімдерді электронды берудің артықшылықтары 

Өтінім берушілерге қағаз түрінде және электронды өтінім беру арасында таңдау жасау құқығын бере отырып, соңғысының артықшылығын баса көрсетеміз.

  • өтінім электронды берілген жағдайда  баж салығы 15%  азайтылған;
  • электронды өтінім беру қызметі тәулік бойы қол жетімді және үйден немесе  кеңседен шықпай-ақ пайдалануға болады;
  •  өтінімдер   демалыс немесе мейрам күндеріне қарамастан тіркелінеді;
  • өтінім электронды  берілген жағдайда қағазға, курьерлік немесе почталық қызметтерге жұмсалынатын шығындар үнемделінеді.

Электронды берілген өтінімдер парақтарды сканерден өткізу және мәліметтерді ҰЗМИ ақпараттық жүйесіне енгізу үшін уақыт кетпейтіндіктен алдын-ала (формалды) сараптама  кезеңіне тезірек өтетінін атап өткен маңызды.  

 

Жеке кабинеттің мүмкіндігі

Электронды берілген өтінім бойынша хат алмасу жеке кабинет арқылы  жүзеге асырылады, осы арқылы  өтінім беруші келесі мүмкіндіктерге ие болады:    

  • нақты уақыт режимінде өтінімнің қай кезеңде екендігін және оның деңгейін бақылап отыру;
  •  сараптамалық ұйымнан  тез арада  сұраулар, хабарламалар, шоттар мен басқа да құжаттар алу;
  • сұрауларға жауап беру және  ҰЗМИ-ға қағаз түріндегі нұсқасын ұсынбай- ақ басқа да талап етілген құжаттарды жолдау;
  • ҮЗМИ-мен ресми хат алмасу болып табылатын шығыс және кіріс хаттардың тізімін қарау.

Электронды өтінім беру  жүйесін пайдалану  іс жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді және өтінім берушілер мен ҰЗМИ арасында  ақпарат алмасуды жылдамдатады.

 

Электронды өтінім беру жолдары  

Бүгінгі күні өтінімді электронді беру екі жол арқылы жүргізіледі:

  • egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
  • ҰЗМИ kazpatent.kz сайты арқылы.

Электронды өтінім берудің екі жолы да құжаттарға электронды  сандық қолтаңба қойылған жағдайда жұмыс істейді.     

ЭСҚ қалай алуға болатындығы жайлы http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/poluchenie-klyuchej-etsp сілтемесіне кіру арқылы біле аласыздар.

 

Өтінім берушілерге қызмет көрсету орындары 

ҰЗМИ кеңес беру орындарында жеке кабинетке тіркеліп, электронды өтінім бере аласыздар. Өтінім берушілерге  ғаламторға кіру мүмкіндігі бар арнайы жабдықталған компьютерлер ұсынылады.

 ҰЗМИ мамандары электронды бланкті дұрыс толтыруға көмектеседі және басқа да сұрақтар бойынша кеңес береді.

Астана және Алматы қалаларында ҰЗМИ кеңес  беру орындарында  осы қызмет түрі көрсетіледі.

Кеңес беру орындары:

  •   Астана қ.,  Қорғалжын тас жолы,   3В- ғимараты
  •   Алматы қ.,  Ришат и Муслим Абдуллиндер көшесі, 6- үй, 1-павильон

 

Бізбен хабарласыңыздар

Өтінім берушілерді қолдау қызметінің телефондары (зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге байланысты барлық мәселелер бойынша):

+7 (7172) 62-15-15, +7 (7172) 62-15-16.

Техникалық қолдау қызметінің байланыс e-mail: support@kazpatent.kz

 

Сондай-ақ лицензиялық, франчизалық және басқа да  айрықша  құқықтарды иелену туралы шарттарды  тіркеуге  өтінімдерді  электронды беруге болатындығына назар аударуларыңызды сұраймыз.