Новости

«Louis Vuitton» компаниясының Контрафактімен күрес жөніндегі басқармасы басшысымен кездесу өтті

2017 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінде «Louis Vuitton» компаниясының Контрафактімен күрес жөніндегі басқармасының басшысы Паоло Балистриери мырза және Әділет министрінің орынбасары Э.Әзімова, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Н.Пан, «ҰЗМИ» РМК мен ҚР ҚМ МТК өкілдері арасында кездесу болып өтті.

Назар аударыңыздар!

 2017 жылдың 01 тамызынан бастап ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК («ҰЗМИ» РМК) келесі мекен- жайы бойынша орналасады: Қорғалжын тас жолы, 3 В ғимараты. 

Өтініш берушілердің назарына!

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Әділет министрінің 2017  жылғы №692 бұйрығына жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлерге жеңілдіктерді белгілеуге қатысты өзгеріс енгізілді.

Алматы қаласында оқу семинарлары болып өтті

2017 жылдың 12 және 19  шілдесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институтында және Қ.И.Сәтпаев атындағы  Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде  «Авторлық құқық. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану және тіркеу»  тақырыбында көшпелі семинарлар өткізді.

Патенттік сенім білдірілген өкілдердің және патент иеленушілердің назарына!

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан және қоғамдық сананы жаңғыртуға әсерін тигізе алатын адамдардың нақты өмірбаяндарынан мысал келтіріп,  табыстылық бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын жылжыту «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының негізгі мақсаты болып табылады.    

Жоба қоғамдық санада мінез-құлық ерекшеліктері:  

Оқу вебинар өтті

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Ұлттық зияткерлік меншік институтында» «РСТ рәсімі бойынша өтінімдерді беру және қарау рәсімі. РСТ жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер (өтінімдерді электрондық түрде беру, e-PCT  және т.с.)» тақырыбына оқу вебинар өтті.   

2017 жыл 5 шілдеде ePCT Вебинары өтеді

Қазақстандық өтінім берушілер үшін шет мемлекеттің территориясында  қорғау құжатын алу  мүмкіндігі  халықаралық шартқа сәйкес өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.  Өнеркәсіптік меншіктің осындай объектілерін, яғни өнертабыстар мен пайдалы модельдерді  қорғау саласындаға  халықаралық шарттардың қатарына Патенттік кооперация  туралы шарт  (РСТ) жатады.

«Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен кездесу болып өтті

2017 жылдың 13 маусымында ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік  меншік институты» РМК директоры Оспанов Ербол Қанатұлы бастаған делегация  «Ғылым қоры» АҚ Президенті Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлының  шақыруымен  «Ғылым қоры» АҚна  барды.
Кездесуі барысында  ғылым мен бизнес өкілдеріне  өз құзыреттері шегінде  қолдау көрсету  мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Беттер