«Зияткерлік меншік объектілері және олардың Қазақстан Республикасында қорғалуы» тақырыбындағы семинар

2017 жылдың 18 сәуірінде  Астана қаласында  Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай «ҰТДА» АҚ конференц- залында  «Зияткерлік меншік объектілері және олардың Қазақстан Республикасында қорғалуы» тақырыбында  семинар болып өтті.
Семинардың ұйымдастырушылары: «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  және «ҰТДА» АҚ.
         Зияткерлік меншік институтының лекторлары  өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге құқықты қорғау мәселелері бойынша баяндамалар жасады.  Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
  • өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және селекциялық жетістіктерге өтінімдерге  сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімі;
  • өнертабысқа патентті қарастыру және беру мерзімдерін жылдамдату  мүмкіндігі;
  • патент мәліметтер базасы, соның ішінде Қазақстанның және шетелдің базалары;
  • ЗМ объектілеріне  сараптама жүргізу  тәртібі мен мерзімі, материалдар құпиялылығы;
  • тауар таңбаларын  шетелдік тіркеу;
  • «ҰЗМИ» РМК  ақпараттық өзара қатынас;
  • өтінімдерді  электронды беру.
Семинар қатысушылары  өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу мәселесіне қызығушылықтарын білдірді және   бұдан былай да ынтымақтаса жұмыс жүргізуге  дайын екендіктерін жеткізді.