«Зияткерлік меншік объектілері және олардың Қазақстан Республикасында қорғалуы» тақырыбындағы семинар

Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай 2017 жылдың 13 сәуірінде Астана қаласында,  «Қазақстан темір жолы» АҚ  Орталық ғылыми- техникалық кітапханасында «Зияткерлік меншік объектілері және олардың Қазақстан Республикасында қорғалуы» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың ұйымдастырушылары  «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Қазақстан темір жолы» АҚ.

Семинардың ашылу салтанатында  «Қазақстан темір жолы» АҚ  бас инженері  Б.К.Котырев  сөз сөйледі,  өз сөзінде  ол  кәсіпорыннның инновациялық қызметінің негізгі бағыттары туралы  айтты.

Зияткерлік меншік институтының лекторлары  тауар таңбаларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді  тіркеуге  берілген өтінімдерді қарау, сонымен қатар   өнеркәсіптік меншік  объектілеріне тапсырыс шарттары бойынша құқықтар беру және  өтінімдерді электронды тапсырудың  артықшылықтары туралы баяндамалар жасады.

Зияткерлік меншіктің  аса өзекті тақырыптары семинар қатысушыларының үлкен қызығушылықтарын тудырды.  Тараптар  аталған  бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту  және  осы секілді  біріккен  шаралар  ұйымдастыру туралы  келісімге келді.

Newsletter category: