«ҰЗМИ» РМК Шымкент қ. филиалымен «Ашық есік күні» өткізілді

 2017 жылы 31 қаңтарда «ҰЗМИ» РМК Шымкент қ. филиалы Қызылрода қ. қалалық «Нұр-Отан» партиясымен бірлесіп «Ашықесіккүнін» өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаласын талқылау және түсіндіру және өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің электрондық өтінім беру артықшылығы және процедурасы болып табылады.
Аталған іс-шараға Қызылорда қ. Бойынша Әділет департаменті, қалалық «Нұр-Отан» және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.