«ҰЗМИ» РМК-ға Корея зияткерлік меншік ведомстовасы және Корея патенттік ақпарат институты мамандарының сапары

2016 жылғы 14 желтоқсанда «ҰЗМИ» РМК-ға Корея зияткерлік меншік ведомстовасы және Корея патенттік ақпарат институты мамандарының сапары болды. Тараптар «ҰЗМИ» РМК автоматтандырылған ақпарат базасын дамыту және жетілдіру жөнінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде қызмет істейді. Корея тарапымен АИС НИИС базасы зерттеліп, жетілдіру мақсатында ұсыныстар қалыптастырылды. Сондай-ақ тараптар тіркелген зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі ақпаратты алмасу туралы ынтымақтастықты жалғастыруды ұйғарды.