Контакт-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

«ҰЗМИ» РМК-да тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу және өтінімдер беру мәселелері бойынша практикалық сабақтар өткізілді

2018 жылдың 18 мамырында «ҰЗМИ» РМК-да тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру мен тіркеу тәртіптері мәселелері бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Тәжірибелік сабақтар жұмысы барысына «Қазақ Елі» Инновациялық архитектуралық компаниясы ЖШС, «Neola» ЖШС, «Жасыл орман» ҚР Орман шаруашылығы және орманды өңдеуді ұйымдастыру ассоциацисы Заңды тұлғалар бірлестігі, «GLD» ЖШС, Қазақ технология және бизнес университеті, «Стройконструкция» АҚ, Астана қ. өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері белсене қатысты.

Тәжірибелік сабақта келесі мәселелер қаралды:

- тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың маңызы;

- тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгіге электронды өтінім беру;

- тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгі өтініміне қойылатын талаптар;

- тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге сараптама жүргізудің тәртібі мен кезеңдері;

- тауар таңбаларын халықаралық тіркеу тәртібі.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізуді әрі қарай жалғастыруға тілек білдірді.