Новости

2017 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Ашық сабақ» өтті.

2017 жылдың 4 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 3-курс студенттері арасында «Патенттеу және қоршаған ортаны қорғау» пәні бойынша «Ашық сабақ» өтті.

Аталған шараға «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы бас маманы Б.О. Назаров сөз сөйледі.

Ол Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметі жайында, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері өнертабыс, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары туралы және авторлық құқық объектілері туралы кеңінен көрнекі мысалдар арқылы айтып берді.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде "РАХАТ" тауар таңбасы Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы мүдделі тұлғаның арызы қаралуда.

2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. "ҰЗМИ" РМК филиалы оқыту семинарын өткізді

2017 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы («ҰЗМИ» филиалы) «Өнеркәсіптік меншік иелерінің құқықтарын қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

2017 жылдың 20 қарашасында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

2017 жылдың 20 қарашасында «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының Оқу орталығы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) «Авторлық құқық негіздері және ҚР-да тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Ресми бюллетендерде ақпарат жариялау

Құрметті өтінім берушілер, сіздерге ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тізілімдеріне өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу туралы мәліметтер өтінім берушілер мен үшінші тұлғаларға тез арада хабарландыру үшін, өнеркәсіптік меншік объектілерінің тіркеу туралы ақпараттар «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетенінде 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап айына  4 (төрт) рет жарияланады

АНОНС! 2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. Ұлттық зияткерлік меншік инситуты филиалы оқыту семинарын өткізеді

2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік иелерінің құқықтарын қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

2017 жылдың 09 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының көшпелі семинар өткізді

2017 жылдың 09 қарашасында «ҰЗМИ» РМКфилиалының Оқу орталығыҚазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында «Шетелдік патенттеу және авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына аталған Институт директорының орынбасары, ғылым хатшысы, патенттанушысы, кафедра меңгерушілері, психологтар, дәрігер-резиденттер мен резиденттері және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.

АНОНС. «Шапағат» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2017 жылы 10 қарашада өтеді

10 қараша күні сағат 12.00-де Назарбаев Университетінде «Шапағат» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Шараны ҚР Әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Назарбаев университетімен бірге ұйымдастырды.

Беттер