"ҰЗМИ" РМК Алматы қаласының филиалы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында семинар өткізді

    2017 жылғы 12 сәуірде «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы зияткерлік меншік саласындағы білімді арттыру мақсатында Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) «Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына 40 адам қатысты.
   Алғы сөзді Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаева алып, «ҰЗМИ» филиалы Оқу орталығының қызметі туралы қысқаша ақпарат беріп, «Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі» тақырыбында дәріс оқу үшін қатысушыларға Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысыЛ.Г. Джаманшалованы таныстырып, сөз берді.Аталған университет студенттері авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, авторлық құқық куәлігінің мерзімі туралы және т.б. сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды. Семинар соңында университет өкілі лектор Л.Г. Джаманшаловаға «Бэнг атындағы бизнес колледжінің» атынан алғыс хат табыстап, зияткерлік меншік мәселері бойынша ақпарат бергені үшін семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, жемісті еңбек тіледі.

 

Newsletter category: